«Жасыл ел» жобасының негізгі міндеті жастарды қоғамдық пайдалы еңбекке баулу.
Мамыр және маусым айларында мектеп ауласында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. «Жасыл ел» ұйымының мақсаты: Жастардың күшімен елімізді көгалдандыру жұмыстарын жүргізу экологиялық тәрбиені насихаттау, табиғатқа қамқорлықпен қарап,өзінің жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастысу. Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандырумен айналыса отырып, жас ұрпақ отбасылық бюджетті толықтыруға мүмкіндік алып қана қоймай, сонымен бірге әлеуметтік өзара іс-қимыл дағдыларын игереді, өз бойында қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастырады. Мамыр айында 14жасқан асқан 15 бала қатысты. Маусым айында 15 бала қатысты. Әсіресе әлеуметтік жағдайына байлынысты, оның ішінде: тұрмыс жағдайы төмен, жетім, көпбалалы, толық емес отбасы, арнайы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан балалар қатысты.