Бұл күні балалар жазғы киім үлгісімен келіп мектеп алдында «Көңілді көпіршіктер» ойыны ойнатылды. Балалар өздерімен бірге көпіршіктер шығаратын түрлі ойыншықтарын алып келіп көпіршіктер шығарып ойнады. Балаларға қызық болғаны соншалық бір-біріне арнап көпіршіктер шығарып, өз араларында көпіршіктер шығарып жарысып ойнады. Және сынып ішінде балалармен қозғалмалы ойындар ойнатылды. Және балалар «Шебер қолдар» әр түрлі заттардан бұйым жасау арқылы өз шеберліктерін көрсетті.
Оқушылар таңғы астан кейін топтарына барып,топтық жұмыстар, яғни менің лагерімдегі күндерім атты суреттер салып, лагерьдегі менің көңіл-күйім деген стикерлерді арнайы жүрекшеге ілді. Бүгінгі «Summer Look» атты күнінде «Көңілді көпіршіктер кеші» ойыны, «классики» ойыны, асфальтта сурет салуымен өтті. Бүгінгі күнді де балалар естерінде қалатындай болып қызықты өткізді