Меню KDT
МЕНЮ

Астана қаласы №34 орта мектебінің сайтына қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

Тәуелсіздіктің 29 эжылдығына сынып сағаттары

2020 жылдың 14-15-желтоқсан күндері Тәуелсіздіктің 29 жылдығына орай 1-11 сынып оқушылары арасында онлайн сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында оқушыларға тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегені, егемендік үшін ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша айқасып, бейбіт күн үшін күрескен ерліктері туралы айтылды. Сондай-ақ оқушылар айтулы мерекеге орай тәуелсіздік туралы өлеңдерін оқып, бейнематериал әзірледі. Оқушылар оқылған өлеңдер арқылы қазақ үшін ерек мерекені насихаттап, оқушыларды тәуелсіздіктің мәнін теріңірек ұғынуға, бабадан қалған дархан даламызды қадірлеп, сүйе білуге шақырды. Халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрды.
Тәуелсіздік күні – күллі қазақ үшін ұлы мереке. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген барлық ұстаздар мен ата-аналарды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!


Просмотров: 114

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь