Меню KDT
МЕНЮ

Нұр-Сұлтан қаласы №34 орта мектебінің сайтына қош келдіңіздер!

Мектеп жайлы

 "Бәрі де мектептен басталады"                                                                                                                                                 Н.Ә.Назарбаев
       Астана қаласы Білім басқармасының «№34 орта   мектеп» мемлекеттік мекемесі «Өндіріс» кентінің     шет аймағында орналасқан. Ашылған уақыты 2002 жылдың қыркүйек айы. Мектепте 42 жоғары  білімді, 8 арнаулы орта білімді мұғалімдер қызмет  атқарып жүр. 2013-2014 оқу жылын 34 сынып  комплектісі, (оның ішінде біреуі - мектепалды  сыныбы) 633 оқушымен бастады. 

   Сыныптар сыйымдылығы– 21,8. Мектептің    материалдық - техникалық базасы жылдан жылға  жақсаруда. Мектепте 1 спорт зал (140 м2), акты  залы (70 орындық), 1 кітапхана бар. 

  Оқу кабинеттерінің саны -14, Оқу мекемесінде 1    спорт зал (140 м²), акт залы (70 орындық), 1 кітапхана оқу залымен, медбике кабинеті, 60 орындық асхана бар. Оқу кабинеттер саны -14, информатика, физика, химия, биология, «Өзін-өзі тану», лингофон кабинеттері және 10 интерактивті тақта оқушылар игілігі үшін жұмыс істеуде. Мектеп ауласында футбол және алғашқы әскери дайындық жүргізілетін алаңдар орналасқан. 

Жалпы орта білім беру 3 сатыда меңгеріледі: 
Бастауыш саты (1-4сыныптар) 
Негізгі саты (5-9сыныптар) 
Жоғарғы саты (10-11 сыныптар)