Меню KDT
МЕНЮ

Нұр-Сұлтан қаласы №34 орта мектебінің сайтына қош келдіңіздер!

Заголовок

Астана қаласының Білім басқармасы «№34 орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ

Астана қаласы әкімдігінің

2002 жылғы 2-қыркүйектегі

 №22-1024 қаулысымен бекітілді

                                             56-қосымша

Астана қаласының Білім басқармасы

«№34 орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің

ЖАРҒЫСЫ


  1. 1.Жалпы ережелер
  2. 1.Астана қаласының Білім басқармасы «№34 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы, білім беру қызметін жүзеге асыру үшін құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие, коммерциялық емес ұйым болып табылады.
  3. 2.Мемлекеттік мекеме «Астана қаласының Білім департаменті «№34 орта мектеп» мемлекеттік мекемесін құру туралы» 2001 жылғы 15-мамырдағы №22-340қ Астана қаласы әкімдігінің қаулысының негізінде құрылған.
  4. 3.Астана қаласының әкімдігі мемлекеттік мекемені құру туралы шешім қабылдайтын, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады.

  Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік басқару органы «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

  1. 4.Мемлекеттік мекеме өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін және осы Жарғыны басшылыққа алады.
  2. 5.Мемлекеттік мекеменің толық атауы: Астана қаласының Білім басқармасы «№34 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.
  3. 6.Мемлекеттік мекеменің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Өндіріс кенті, Тайбурыл көшесі, 23.

 

2. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі

7. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқығына ие болады.

8. Мемлекеттік мекеменің дербес балансы, заңнамаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында есеп шоттары, мемлекеттік тілде атауы жазылған бланктері, мөрі, мөртаңбасы бар.

 

9. Мемлекеттік мекеме басқа бір заңды тұлға және оның құрылтайшысы бола алмайды.

10. Мемлекеттік мекеме өз міндеттемесі бойынша өз иелігіндегі ақшаға жауап береді.

11. Мемлекеттік мекемеге тиісті қаржылық жылға бекітілген қаржылық жоспардан артық шарттық міндеттемелерді қабылдауға рұқсат берілмейді.

12. Мемлекеттік мекеме жасайтын азаматтық-құқықтық мәмілелер, Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркеуге жатады.

Шарттық міндеттер бойынша мемлекеттік мекеменің жауапкершілігі заңнамаларға сәйкес мекемені ұстауға бекітілген қаржылық жоспары негізінде жүргізіледі.

 

3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаттары, міндеттері мен түрлері

13Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаттары:

1) мемлекеттік мекеме іске асыратын білім беру бағдарламасын орындау үшін жағдай жасау;

2) өзгермелі әлеуметтік қоғам жағдайына бейімделе алатын, жан-жақты дамыған, шығармашыл тұлғаның дамуына жағдай жасау;

3) үздіксіз бастауыш, жалпы және орта білім алуды қамтамасыз ету;

14. Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері:

1) жалпы білім беретін мектептер үшін мемлекеттік стандарт бойынша белгіленген жалпы білім беруді қамтамасыз ету;

2) балалардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, денсаулық сақтау жағдайын және азаматтардың білім алуы үшін конституциялық құқығын қамтамасыз ету;

3) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді, халық дәстүрін қастерлеуге, конституцияға және қоғамға қарсы кез келген әрекеттерге қарсы тұруға тәрбиелеу;

4) ой-өрісі жан-жақты дамыған, зерттеушілік еңбекке дағдыланған, мәдениеті жоғары, мамандық таңдауға саналы түрде әзірленген, жоғары оқу орындарында өзіндік шығармашылықпен оқытуға даяр тұлғаны қалыптастыру;

5) тұлғаны толыққанды дамыту үшін оқушы отбасымен өзара әрекет ету;

6) оқушыларды қоршаған табиғатты қастерлеуге тәрбиелеу.

15. Мемлекеттік мекеме қызметінің түрлері:

1) оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту;

2) оқушылардың қабілетін анықтау және дамыту;

3) педагогика, жалпы және жас ерекшелігі психологиясы, отбасы мен білім беру мәселелері жөнінде ата-аналарға кеңес беруді ұйымдастыру;

4) жастардың демалысын ұйымдастыру, мәдени-бұқаралық іс-шараларын өткізу;

5) ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу;

6) Қазақстан Республикасы және шет елдерінің білім беру және мәдени мекемелерінің олимпиадаларына, конференцияларына, конгрестеріне және басқа да ынтымақтастық шараларына қатысу;

7) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте ақылы білім беру қызметін көрсету.

16. Мемлекеттік мекеме оның құрылу мақсатына сай келмейтін қызметпен айналысуға құқығы емес.

 

4. Мемлекеттік мекемеде білім беру үрдісін ұйымдастыру.

Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізімі

17Мемлекеттік мекемедегі оқуту және тәрбие беру мемлекеттік тілінде жүргізіледі.

18. Мемлекеттік мекемедегі білім беру үрдісі Қазақстан Республикасының орта білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес, мемлекеттік мекеме басшысы бекіткен, дербес әзірленген оқу жоспарлары мен бағдарламасы негізінде ұйымдастырылады. Оқушының оқу жүктемесі денсаулық сақтау органдары белгіленген шектеулі нормадан аспауы керек.

19. Жекелеген пәндерді (пәндер жүйесі) оқытуға берілген сағат саны мемлекеттік оқу жоспары үлгісінде белгіленген сағат санынан кем болмауы тиіс.

20. Мемлекеттік мекеме мына оқыту бағдарламаларын іске асырады:

1) бала тұлғасының қалыптасуына, оның жеке қабілеттерінің дамуына оң мотивациясына және оқу іс әрекетіндегі қабілетіне: берік оқу дағдысы, жазу, есептеу, тілдік қарым-қатынас тәжірибесі, шығармашылық жағынан өз-өзін дамыту, негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеру үшін тәртіп мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастауыш білім берудің жалпы білім беру оқыту бағдарламалары. Бастауыш білім беру жалпы білім беру оқыту бағдарламасын меңгеру мерзімі- 4 жыл.

2) оқушылардың базалық негізгі ғылымдардың меңгеруіне, оларда тұлға аралық және ұлтаралық қарым-қатынасының жоғарғы мәдениетін қалыптасуына, тұлғаның өз-өзін тану және кәсіби нысанаға бағытталған, негізгі орта білім беру жалпы білім беру оқыту бағдарламасын меңгеру мерзімі -6 жыл.

3) дифференуиация, интеграция кәсіби бағдар негізінде әзірленген жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқыту бағдарламалары оқушылардың бағдарланған кәсіптік алды даярлығын іске асыру және басқа бағыттар бойынша бейінді оқытуды жүргізумен білім беру мазмұны жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқыту бағдарламаларын меңгеру мерзімі – 2 жыл.

21. Оқушының оқу барысындағы күн тәртібі:

1) оқу жылы бірінші қыркүйектен басталып оқу жоспарына сәйкес аяқталады;

2) оқу жылының, оқу аптасының ұзақтығы, демалысты өткізу мерзімі және оның ұзақтығы мемлекеттік басқарма органымен, басшы бекіткен жылдық күнтізбелік оқыту кестесімен белгіленеді;

3) оқу жылының ұзақтығы 34 аптаны құрайды, демалыстың ұзақтығы оқу жылының ішінде 30 күнтізбелік күннен кем емес, жазғы уақытта 8 аптадан кем болмайды. Бірінші сынып оқушыларына қосымша демалыс аптасы беріледі;

4) бастауыш мектеп оқушылары үшін 5 күндік оқыту аптасы, алтыншы күн-жеке топтық үйірмелік жұмыс үшін қарастырылған;

5) сабақтың өту тәртібі, сабақ ұзақтығы мен сабақ арасындағы үзіліс басшы бекіткен күн тәртібі және сабақ кестесімен бекітіледі.

22. Оқушылардың аралық және қорытынды аттестациялық білімін ағымды бақылау жүйесі, жүргізу тәртібі мен формасы:

1) әр тоқсанның соңында 2-11 (12) сыныптарда арлық бағалар, 1-сыныпта үшінші тоқсаннан кейін, ал тоқсандық бағалар қорытындысы бойынша жылдық бағалар қойылады;

2) оқушыларды аралық және қорытынды аттестаттау кезінде бес балдық жүйе қолданылады: 5-«үздік», 4-«жақсы», 3-«қанағаттанарлық», 2-«қанағаттанарлықсыз».

3) мемлекеттік мекеменің педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша көшіру емтиханы енгізіледі.

4) 5-8 (9) және 10 (11) сынып оқушыларын аралық аттестаттаудан өткізу үшін көшіру емтихандарының түрі мен саны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.

5) мемлекеттік мекемеде негізгі жалпы және орта (толық) білім берудің жалпы білім бағдарламасын меңгеру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, мемлекеттік мектеп бітірушіні міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады. Негізгі мектеп курсын аяқтағандарға куәлік беріледі, ал аттестаттаудан табысты өткен бітірушілерге мемлекеттік мекеменің мөрімен расталған, белгілі үлгідегі аттестат тапсырылады, өтпегендерге «курсты тыңдады» деген анықтама беріледі;

6) жалпы орта мектептің жалпы білім беру бағдарламасын меңгеруде ерекше табысқа жеткен бітірушілерге Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі бекіткен нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес негізгі орта мектеп курсын үздік аяқтағандарға үздік үлгідегі куәлік беріледі, ал жалпы орта мектепті бітіргендерге ерекше үлгідегі «Алтын белгі» немесе үздік аттестат табыс етіледі;

7. оқу жылының бағдарламасын табысты меңгерген, көшіру және қорытынды емтихандарды табысты тапсырған оқушылар педагогикалық кеңестің бұйрығымен келесі сыныпқа көшіріледі;

8. оқу жылының қорытындысы бойынша бір пәннен академиялық үлгермейтін оқушы келесі сыныпқа шартты түрде көшірілуі мүмкін. Келесі оқу жылының ішінде үлгермеушілікті жою жауапкершілігі ата-анаға (заңды өкілге), сынып жетекшісіне және пән мұғалімдеріне жүктеледі;

9. негізгі орта білім сатысында екі және одан да көп пәндерден оқу бағдарламасын меңгермеген оқушы ата-анасының (заңды өкіл) қалауына қарай қайта оқытуға қалдырылады;

10. жалпы орта білім бағдарламасының алдыңғы деңгейін меңгере алмаған оқушы келесі сатыға көшірілмейді.

  1. 5.Ақылы білім беру қызметін ұсыну тәртібі мен тізімі

23. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен ақылы білім беру қызметін көрсетуге құқылы.

24. Мемлекеттік білім беру тапсырысымен қаржыланатын негізгі білім беру қызметінің орнына ақылы білім беру қызметі көрсетілмейді.

25. Ақылы білім беру қызметі оқушылар мен тәрбиеленушілерге ата-аналарының немесе басқа заңды өкілдерінің өтініші бойынша мемлекеттік мекемелер мен ата-аналар немесе заңды өкілдердің арасында құрылған шарт негізінде жеке кесте бойынша жүргізіледі.

26. Қосымша ақылы білім беру қызметінен түскен қаржы оқу үрдісіне, оның ішінде оқу жабдықтарын алуға, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін әлеуметтік және материалдық жағынан қолдауға жұмсалады.

6. Мемлекеттік мекемені жабдықтау тәртібі

27. Оқушыларды қабылдау тәртібі:

1) бастауыш пен негізгі жалпы білім сатысына мектепке қабылдау тәртібін мемлекттік мекеме тағайындайды, ол шағын ауданда тұратын , жалпы білім алуға құқылы барлық азаматтардың өтініші бойынша қабылдауды қамтамасыз етеді;

2) мемлекеттік мекемеге қабылдау оқушы немесе ата-ананың (немесе өзге заңды өкілдің) жазбаша өтініші негізінде, белгіленген үлгідегі медициналық және білімі туралы құжаттар, тууы туралы, жеке куәлігінің қосымшасы болған жағдайда басшының бұйрығымен рәсімделеді;

3) жалпы орта білім беру сатысына азаматтар өз өтініштері бойынша қабылданады;

4) мемлекеттік мекеме оқуға қабылданған оқушыларды, олардың ата-аналарын (немесе өзге заңды өкілдерді) осы Жарғымен және мемлекеттік мекемедегі білім беру үрдісін ұйымдастыруды реттейтін басқа да құжаттармен таныстырылады.

5) медико-психолгиялық-педагогикалық комиссиясының шешімі бойынша қабілеттілігі шектеулі балаларға мемлекеттік мекемеде баяу психикасы дамыған (БПД) сыныптар құрылған, пән мұғалімдерінен БҚА-дан 30 % төленеді.

28. Мемлекеттік мекемедегі сыныптар саны азаматтардан түскен өтініш санына және санитарлық-гигиеналық норманы ескере отырып, білім беру үрдісін жүзеге асыру жағдайына байланысты.

29. Мемлекеттік мекеме сыныптарындағы оқушылар саны 30-дан аспауы тиіс.

30. Орыс, шет тілдері, еңбек сабағы, информатика және есептеуіш техникасы, дене шынықтыру пәндерін оқытқанда сыныпта 25 оқушы болғанда екі топқа бөлінеді.

31. Оқушыларды мектептен шығару мемлекеттік мекеме басшының бұйрығымен мына негіз бойынша рәсімделеді:

1) ата-ананың қалауымен оқушының оқуын басқа оқу мекемесінде жалғастыру не басқа түрде оқытуға ауыстырылғанда;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және мемлекттік басқару органдарының келісімі бойынша он алты жасқа толған оқушы құқық бұзушылық, өрескел әрекеті және Жарғыны бірнеше қайтара бұзғаны үшін;

3) жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару қорғаушы және қамқоршылық органдарының келісімімен іске асырылады.

 

7.Мемлекеттік мекемені басқару

32. Мемлекеттік мекемені жалпы басқару заңнамаға сәйкес белгіленген мемлекеттік басқару органы арқылы іске асырылады.

33. Мемлекеттік басқару органы заңнамада белгіленген тәртіппен мына қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) мемлекеттік мекемені ұстауға арналған қаржылық жоспарды бекітеді;

2) мемлекеттік мекемеге берілген мүлікті тиімді пайдалануды және сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

3) мемлекеттік мекемені басқару органының құрылымын, қалыптасуын, өкілеттілік мерзімін, шешім қабылдау тәртібін белгілейді;

4) мемлекеттік мекеме басшысының құқығын, міндеттерін, жауапкершілігін, оны лауазымынан босатуға негіздеме белгілейді;

5) мемлекеттік мекеменің құрылымын және шекті штаттық санын бекітеді;

6) жылдық қаржылық есеп беруді бекітеді;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа да қызметтерді атқарады.

34. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органы мемлекеттік мекеме басшысын заңнамада белгіленген жағдайға сәйкес лауазымдық қызметке тағайындайды және босатады.

35. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басқарады, мемлекеттік басқару органына тікелей бағынады (заңнамамен белгіленген жағдайды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді және қызметті жүзеге асыруға жеке жауапкершілік алады.

 

 

36. Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидасын ұстанады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен белгіленген өз құзіретіне сәйкес мемлекеттік мекеме қызметін өз бетінше шешеді.

37. Мемлекеттік мекеме басшысы мемлекеттік мекеменің қызметін жүзеге асыру кезінде заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) барлық ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін қорғайды;

3) заңнамада бекітілген жағдайда және шекте мүлікке иелік етеді;

4) шарттар жасасады;

5) сенімхат береді;

6) қызметкерлердің іссапарын, сынақтан өтуін, қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқуын, біліктіліктерін арттырудың басқа да түрлері жөніндегі жоспарларын бекітеді;

7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында есепшот ашады;

8) мемлекеттік басқару органымен тағайындалған басқа міндетті мемлекеттік мекеме қызметкерлері үшін бұйрықтар шығарып, нұсқау береді;

9) мемлекеттік мекеме қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік шара қолданады;

10) мемлекеттік мекеменің органымен келісім бойынша өзінің орынбасарын (орынбасарларын) тағайындайды және қызметінен босатады;

11) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттілігін анықтайды;

12) заңнамада, осы Жарғымен және мемлекеттік басқару органымен жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

38. Педагогикалық кеңес мемлекеттік басқару органының жоғарғы органы болып табылады.

39. Педагогикалық кеңестің құзіретіне мыналар жатады: оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту, педагогикалық қызметтің негізгі бағыттарын анықтау, жеке оқу жоспарын бекіту, оқушыларды келесі сыныпқа көшіру, оқу үлгерімін, оқушылардың тәртібін және аттестаттауын талқылау, мемлекеттік мекеме педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, олардың шығармашылық бастамасын дамыту, озық тәжірибені тарату, педагогикалық және басқа да қызметкерлерді марапаттауға ұсыну.

40. Педагогикалық кеңес мемлекеттік мекеменің әдістемелік жұмысына басшылық жасайды, оның құрамына мемлекеттік мекеменің мұғалімдері, директоры және оның орынбасарлары кіреді.

41. Мемлекеттік мекемеде басшының бұйрығымен жыл сайын педагогикалық қызметкерлердің кәсіби қызметін есептей отырып, оларды аттестаттау үшін аттестаттау комиссиясы құрылады.

 

  1. 8.Білім беру процесіне қатысушылардың міндеттері мен құқықтары.

Мемлекеттік мекеменің оқушылары мен, олардың ата-аналарымен және басқа да заңды өкілдерімен қарым қатынасты рәсімдеу тәртібі

42. Білім беру үрдісіне қатысушылар оқушылар, мекеменің педагогикалық қызметкерлері және оқушылардың ата-аналары (заңды өкілдері) болып табылады.

43. Білім беру үрдісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңымен, білім беретін мекемелердің үлгілік ережесімен анықталады.

44. оқушылардың құқықтары мен міндеттері осы Жарғымен және Оқушылардың тәртіп ережелерімен реттеледі.

45. Мемлекеттік мекеме оқушыларының құқықтары:

1) мемлекеттік жалпыға мндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;

2) ақылы түрде өз бейімділігіне және қажеттілігіне сәйкес білім және жалпы білім қызметін қамтамасыз ету;

3) тегін ақпараттық ресурстарды қолдану оқулықтармен, оқу әдістемелік кешендерімен және оқу әдістемелік оқу құралдарымен қамтамсыз етіледі;

4) мемлекеттік мекемені басқаруға қатысу;

5) спорттық, оқу, мәжіліс залын, кітапхананы тегін қолдану;

6) өз ой пікірін және нанымдарын еркін жеткізу;

7) өзінің адамгершілік қасиеттерін қастерлеу;

8) абыройын, еркіндігін, өз денсаулығын сақтау;

9) оқуда, ғылыми және шығармашылық қызметтегі жетістіктері үшін көтермелеу және сыйақы алу.

46. Оқушыларды үгіт-насихат жасау жұмыстарына, саяси акцияларға мәжбүрлеуге жол берілмейді.

47. Оқушы міндетті:

1) мемлекеттік жалпы міндеттемелік стандарттың талаптарына сәйкес білім, біліктілік, дағды және қарым қатынас дағдысын практикалық машықтап меңгеру;

2) ішкі тәртіп ережесін сақтау, мекеме Жарғысын және білім беру келісім шартымен қаралған басқа талаптарды орындау;

3) өз денсаулығын күту, рухани талпынысқа ие болу;

4) басқа оқушылар мен мемлекеттік мекмесінің қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиатін, оқу орнының салтын сыйлауға;

5) сабақты тиянақты оқуға, себепсіз қалдырмауға;

6) мемлекеттік мекеме мүлкіне, техникалық оқыту құралдарына ұқыпты қарау, керек болған жағдайда сынып жиһазына шағын жөндеу жүргізу, мүлікті бүлдірген жағдайда ата-анасымен бірге келтірген зиянды толтыруға;

7) Жарғымен және ішкі еңбек тәртібімен олардың құзырына жататын мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің талаптарын орындауға міндетті.

48. Мемлекеттік мекемедегі тәртіп оқушылар мен педагогтардың адамгершілік қасиеттерін сыйлау негізінде сақталады. Оқушыларға күш көрсету, санасына зорлық жасау әдістеріне жол берілмейді.

49. Ата-аналар (заңды өкілдер) мен мемлекттік мекеменің қарым-қатынасы осы Жарғы ережелерімен реттеледі.

50. Ата-аналар (заңды өкілдер) құқығы:

1) баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға;

2) ата-аналар комитеті арқылы мемлекеттік мекемені басқару органдарының жұмыстарына қатысуға;

3) өз балаларының үлгерімі, тәртібі және оқу жағдайына қатысты білім беру ұйымынан ақпарат алуға;

4) өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу жағдайы бойынша психолого-медико-педагогикалық кеңесінен көмек алуға құқылы;

5) келісім шарт арқылы балаларына қосымша білім алуға.

51. Ата-аналар (заңды өкілдер) міндеттері:

1) балалардың өмірі мен оқуына қауіпсіз жағдай жасауға, олардың интелектуалдық күштерінің дамуын қамтамасыз етуге;

2) Жарғы мен ішкі еңбек тәртібі ережелеріндегі өз құқығы мен міндеттеріне қатысты жағдайларды орындауға;

3) ата-аналар жиналасына қатысуға, мекеме әкімшілігінің немесі мұғалімнің шақыруы бойынша оқу-тәрбие үрдісі жөнінде жеке кеңес және нақтылы педагогикалық көмек алу;

4) оқушының сабаққа қатысуын қамтамасыз етуге;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпке сай баланың мемлекеттік мекемеге келтірілген шығынын өтеуге міндетті.

52. Мемлекеттік мекеменің педагогикалық қызметкерлері құқығы:

1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;

2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименталдық жұмысымен айналысуға, жаңа әдістеме мен технологияны педагогикалық тәжрибеге енгізуге;

3) жеке педагогикалық қызметке;

4) жалпы білім беретін мемлекеттік білім стандартын сақтай отырып педагогикалық әрекетті ұйымдастыру тәсілі мен түрін еркін таңдауға;

5) ұжымдық басқару органдарының жұмысына қатысуға;

6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір рет біліктілігін арттыруға;

7) қызметтік өсу, санатын көтеру мақсатында кезектен тыс аттестаттаудан өтуге;

8) педагогикалық қызметіндегі жетістігі үшін материалдық және моральдық көтермеленуге, құрметті атақтар, белгілер және грамоталармен марапатталуға;

9) өзінің кәсіптік абыройы мен қадір қасиетін қорғалуына;

10) педагогикалық еңбек өтілімі сақталуы мен ғылыми қызметпен айналысу үшін шығармашылық демалыс алуға;

11) мемлекеттік мекеме әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға құқығы бар.

53. Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеті:

1) Жарғыны, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, лауазымдық міндеттерді, қауіпсіздік техникасы ережелерін, мемлекеттік мекеменің жергілікті актілерін орындауға;

2) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімін және білім беру дағдыларын меңгеруге;

3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;

4) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этно-мәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;

5) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;

6) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;

7) бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге;

8) педагогикалық әдеп нормаларын сақтауға;

9) оқушылардың және олардың ата-аналарының абройы мен қадір- қасиетін құрметтеуге міндетті;

10) салауатты өмір салтын ұстану және оны оқушылар арасында насихаттауға;

11) қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес медициналық тексерілуге және алдын-ала егу шараларынан алуға міндетті.

54. Педагогикалық қызметкер педагогикалық этиканы және міндетін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында және еңбек шартында көрсетілген түрде жауапқа тартылуы мүмкін.

55. Педагогикалық қызметкерлерді өзінің кәсіби міндетіне кірмейтін жұмысқа жіберу, Қазақстан Республикасының заңдарымен ерекше көрсетілмеген жағдайда, тыйым салынады.

56. Педагогикалық қызметкерлерге және мұғалімдерге оқу жоспары мен және бағдарламаларымен мемлекеттік мекеменің басқа да жағдайларда сағатына қарап белгіленеді.

34. Педагогикалық кадрларды жұмысқа қабылдау мемлекеттік мекеменің басшысы мен педагогикалық қызметкер арасында жасалатын еңбек шарты негізінде жүзеге асырылады. Еңбек шартының ережелері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қайшы болмауы тиіс.

58. Мемлекеттік мекемедегі еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек туралы кодексімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңымен реттеледі.

 

  1. 9.Мемлекеттік мекеменің мүілктерін қайта құру және қызметін қаржыландыру тәртібі

59. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған мемлекет берген мүліктер есебінен құралады және негізгі қорлардан, айналымдағы қаражаттардан, сондай-ақ, құны мемлекеттік мекеменің балансында көрсетілген басқа да мүліктерден тұрады.

60. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оны жедел басқару құқығымен иеленеді және мемлекеттік меншікке жатады.

61. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру егер заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, тек мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.

62. Қазақстан Республикасының заңнамасымен көрсетілген, мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттарымен белгіленген жағдайларды ақылы қызмет көрсетуден түскен түсімдер білім беру ұйымдарының қаржы көзі болуы мүмкін.

63. Мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін бақылау, қайта тексеру заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

64. Мемлекеттік мекеме оған бекітілген мүліктің сақталуы және тиімді пайдалануы үшін мемлекеттік басқару органы алдында жауап береді. Осы бөлікте білім беру мекемесінің қызметін бақылауды мемлекетті басқару органы жүзеге асырады.

 

  1. 10.Мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату

65. Мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

 

     11. Мемлекеттік мекеменің Жарғысын өзгерту тәртібі

66. Осы Жарғыға өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Астана қаласының әкімдігі енгізеді.