Меню KDT
МЕНЮ

Нұр-Сұлтан қаласы №34 орта мектебінің сайтына қош келдіңіздер!

Жас мамандар мектебі

Тәлімгерлік және жас маман туралы Ереже

         Жалпы ережелер

Мектеп тәлімгерлігі – білім беру ұйымдарындағы педагогикалық қызметте еңбек стажы жоқ мұғалімдермен жеке тәрбиелік жұмыс жүргізудің бір түрі.

Тәлімгер – сабақ беру мен тәрбие саласына қатысты әдістемелерді игерген, білімді, кәсіби және адамгершілік қасиеттері жоғары тәжірибелі мұғалім.

Жас маман – әдетте, жоғары оқу орындарының бағдарламалары бойынша педагогика негіздерін игерген, өз қабілет – қарымын одан әрі жетілдіруді қалайтын, іске жаңадан кіріскен мұғалім.

Тәлімгерліктің мақсаты мен міндеттері. Білім беру мекемелеріндегі мектеп тәлімгерлігінің мақсаты жас мұғалімдерге кәсіби тұрғыдан тәжірибе жинақтауға көмектесу болып табылады.                                                                      Мектеп тәлімгерлігінің негізгі міндеттері мыналар:

-          Жас мамандардың педагогикалық қызметке ынта ықыласын ояту, оларды білім беру мекемелеріне тұрақтату;

-          Мұғалімнің кәсіби тұрғыдан қалыптастыру процесін жеделдету және атқаратын қызметіне байланысты жүктелген міндеттерді өздігінен әрі сапалы етіп орындай білу қабілетін дамыту;

-          Корпоративтік мәдениетке бейімдеу; мектеп ұжымының үздік дәстүрлерін, тәртіп ережелерін сақтауға, ұстаздық міндетті саналы түрде және творчестволықпен орындауға баулу.

Тәлімгерлік. Тәлімгер тәрбие жұмыстарына қабілетті болуы тиіс. Әдетте, тәлімгер жас маманға бір жылға жетпейтін уақытқа бекітіледі. Тәлімгер жұмысының тиімділігі, баға көрсеткіштері жас мұғалімнің сол кезеңдегі өз міндеттерін орындау деңгейінен көрінеді.

Тәлімгердің міндеттері:

-          Жас маманның іскерлік және адамгершілік қасиеттерін, оның сабақ өткізуге, мектеп ұжымына, оқушылар мен олардың ата – аналарына деген көзқарасын, қарым – қатынасын, әуестіктері мен бейімділіктерін зерттеу;

-          Жас маманды мектеппен таныстыру, оқу сыныптарының, кабинеттердің қызметтік және тұрмыстық орын – жайлардың жұмыс жүргізуі тәртібін түсіндіру;

-          Қызметтің қыр – сырын игеруіне көмектесу;

-          Қажетті кеңестер беру;

-          Жас маманның оқу сабақтары мен сыныптан тыс шараларды өздігігнен өткізу жағдайларын бақылау және оған баға беру;

-          Жас маманның ұстаздық кәсіпті, сабақ өткізудің практикалық әдіс – тәсілдерін игеуіне, жіберілген қателіктерді анықтап, оларды ретке келтіруге жеке көмек көрсету;

-          Жас маманның оңды қасиеттерін жетілдіруіне өз жеке тұлғалық үлгісімен ықпал ету, оның мектептегі іс – әрекеттеріне түзетулер ендіріп отыру, ұжымның қоғамдық өміріне қатысуға тарту, жалпы мәдениеттік және кәсіби дүниетанымының дамуына жәрдемдесу;

-          Жас маманның кәсіби бейімделу қортындысын шығару; тәлімгерлік нәтижесіне байланысты есеп беру құжатын әзірлеу; жас маманның алдағы жұмыс бағдарлары жайлы ұсыныстар даярлау.

Жас маманның құқықтары мен міндеттері:

-          ұстаздық кәсіп абыройы мен беделін қорғау;

-          өз жұмысын бағалауға байланысты арыз – шағымдарымен және басқа да құжаттармен танысу, олар жөнінде түсініктемелер беру;

-          өзіне қолайлы жолмен біліктілігін арттыру;

-          педагогикалық кеңестерге, әдістемелік бірлестік мәжілістеріне, мектептің қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысу;

-          тәлімгер мен өз әріптестері тарапынан көмек алу;

-          әрбір баланың тұлғалық ерекшеліктерін және олардың ата – аналарын сыйлау;

-          жартыжылдық соңында тәлімгермен бірге кәсіби бейімделу қорытындысын шығару, атқарылған жұмыстар туралы есеп беру құжатын әзірлеу.

 Жас педагогтың кәсіби біліктілігін қалыптастыру / жас мамандарға көмек ретінде берілген  нұсқаулықтар/

            Күнтізбелік – тақырыптық жоспар. Сабақ жоспарын әдістемелік тұрғыдан сауатты жасау. Сабақ өткізетін пән бойынша есеп беру құжаттарын жасауға байланысты нұсқаулықтар мен кеңестер.

  Күнтізбелік – тақырыптық жоспар мұғалімнің негізге алатын құжаты болып табылады. («тақырыптық» деп аталуы содан. Оқу жылының апталарына, айларына бөлінген.  («күнтізбелік» деп аталуының өзі де сондықтан) оқу бағдарламаларының тізбесі түрінде болады. Күнтізбелік – тақырыптық жоспарда сонымен қатар бағдарламаның оқытылатын тараулары, сағат саны және өткізілетін мерзімдердің шамасы, бақылау формасы, үй тапсырмаларының көлемі туралы, мұғалім біліміне, қабілетіне, жұмыс жүргізу машық – дағдыларына қойылатын талаптар жайлы ақпараттар болады. Жаратылыстану – ғылыми цикл пәндері бойынша күнтізбелік – тақырыптық жоспардың титул парағы А – 4 форматты параққа ресімделеді.

Пайдалы кеңестер

-          күнтізбелік – тақырыптық жоспарлау кезіндегі ең маңызды нәрсе – оның бағдарламалық – әдістемелік жарақатандырылуына сәйкестігі және тақырыптардың оқу уақытына сәйкес баламалы түрде бөлінуі болып табылады.

-          Күнтізбелік – тақырыптық жоспарды электронды түрде әзірлеген дұрыс. Бұл жаңа жағдайларға байланысты түзетулер ендіріп отыруға мүмкіндік береді және оны жыл сайын қайта әзірлеуден басталады.

Сабақтың жоспар-конспектісін жасау схемасы

Жаңадан бастаған жас мұғалімге сабақтардың жоспарын (сценаприйін) жасап алмай жұмыс жүргізу қиын болады. Әдістемелік әдебиеттерде сабақ жоспарының бірыңғай формасы жоқ. Бірақ сабақ жоспарына тән мазмұндық бөлім құрлымының әдістемелік принциптері бар.

 

Сабақ тақырыбы __________________

Сабақ мақсаты ____________________

Сабақ типі ________________________

Өткізу формасы ___________________

Сабақ формасы (кезеңдері бойынша) :

1) ___________________________

2)____________________________

3)____________________________

және т.б.

дидактикалық материалдар мен жабдықтар ___________________

Сабақ жоспары

-          Сабақ кезеңі (кезеңнің аты көрсетіледі)

-          Ақпараттық блок (мұнда оқушыларға ұсынылатын ғылыми білімдер, яғни оқу материалының мазмұны әр түрлі формада жазылады).

-          Іс – әрекет блогы (оқушылар іс – әрекетінің тізбесі беріледі).

-          Рефлексивті блок (мұнда оқушыларға бағытталған рефлексивтік сипаттағы сұрақтар жазылады: «Сен қалай әрекет еттің?», «Қандай тәсіл қолдандың?» және т.б.)

-          Әдістемелік блок (сабақтың әрбір кезеңінде мұғалім қолданатын әдістер, тәсілдер және педагогикалық технологиялар көрсетіледі).

Маңызды жәйт! Сабақ сапасы алға қойған мақсатын, оқу материалы мазмұнын, оқыту әдістемелерінің танымдық қызметті ұйымдастыру формаларының сабақ кездерін тәртіппен реттеу. Логикасының үйлесімділік деңгейіне байланысты болады.

Сынып журналын толтырамыз

Сынып журналы әрбір білім беру ұйымында қолданыстағы заңнамаға сәйкес әзірленетін нұсқаулық бойынша толтырылады. Жас мұғалімдерге сынып журналының мемлекеттік құжат екенін, оны талапқа сай жүргізіп отыру әрбір мұғалім, әрбір сынып жетекшісі үшін міндетті болып табылатынын еске салып қойған артықтық етпейді. Мұғалімнің сынып журналы бойынша жүргізетін жұмыстары ешбір өздігінше әрекет ету жәйіттері мен бастамашылық көрністерін көтермейді.

Сынып жуналы бойынша жұмыс жүргізудің негізгі ережелері

-          Барлық жазбалар көк түсті шарикті рүшкімен айқын етіп, мұқият және түзетулерсіз түсіріледі. Бір бетке әр түрлі реңктегі сияларды пайдалануға рұқсат етілмейді. Ерекше жағдайларда жасалған түзетулерге беттің төменгі жағыннан себебі көрсетіледі және бұған қоса директордың атына түсініктеме жазылады.

-          Қате баға қойылған жағдайда мынадай әрекет  қолданылуы қажет:

а) баға түзетіледі, яғни қате түскен баға сызылып жанына дұрыс қойылады;

ә) осы беттің төменгі жағына, мысалы, мынадай жазба жазылады:

«16.03.2012 жыл. Жаркова Дина – бұл күнгі (датасы: күні, айы) бағасы «5» (өте жақсы) немесе «оқушы Алтаева Айнурдың  бірінші жарты жылдық бойынша «3» (қанағаттанарлық)». Мұндай әрбір жазба директордың қолымен және мектеп мөрімен бекітіліп отырады

-          Мұғалім оқушылардың білімін жүйелі түрде тексеріп отыруға және сабақ сайын қатыспағандарды белгілеуге міндетті.

-          Мұғалім оқушылардан сұрақ алуды жоспарлауы және әрбір сабақта бағаларды жазып отыруы керек. Әрбір оқушы  кем деген 3-4 сабақта бір рет сұралы тиіс.

-          Оқушы  қанағаттанғысыз баға алған жағдайда мұғалім оның білімін 2-4 күн ішінде қалыпқа келтіруге,сөйтіп журналға оң баға қоюға тырысуы қажет.

-          Окушыға жазбаша жұмыс түрлері (өздігінен атқаратын, бақылау сипатында,практикалық сипаттағы) үшін белгіленген бағалар сол жұмыс жүргізілген күнгі бағанға қойылады.

-          Баға қоюға арналған тор көз сызықтарға тек бір ғана символ түсіріледі.

-          Мәселен: «3», «4», «5» «ж», «а/ж», «б.». Журналға нүкте салуға, балалардың жанына «плюс», «минус» белгілерін қоюға және басқа да символдар түсіруге рұқсат етілмейді.

-          Журнал айқара бетінің сол жағына мұғалім сабақтың датасын қояды, келмей қалғагандарды «ж» символымен белгілейді. Осы айқара беттің оң жағына сабақ датасы (сол жақтағы датаға сәйке) және үй тапсырмасы жазылады. Әр тақырып бойынша белгіленітін сағат мөлшері күнтізбелік – тақырыптық жоспар мен пәндік бағдарламаға сәйкес болуы тиіс.

-          Жұптастырылған сабақтарды өткізу кезінде әр сабақтың өз датасы мен тақырыптарды бөлек – бөлек қойылады.

-          Сабақ  тақырыптары күнтізбелік – тақырыптың жоспарға сәкес жасалады.

-          «Сабақта не өтілді» деген бағанға сабақ мазмұнын  ашпайтын жалпылама жазба жасауға тыйым салынады. Мысалы:

 

Дұрыс түсірілмеген жазба

Дұрыс түсірілген жазба

№ 1 бақылау жұмысы

«клеткалардың құрлымы мен функциялары»

тақырыбы бойынша №1 бақылау жұмыс

«Қайталау» сабағы

«Морфология» тақырыбы бойынша қайталау

Есеп шығару

«Ішкі энергия» тақырыбы бойынша берілген есептерді шығару

 

-          «Үй тапсырмасы» бағанына тапсыраның мазмұны жазылып, параграфтың, есептердің, жаттығулардың нөмірлері, оқулықтың беті көрсетіледі.

-          Тоқсандық, жартыжылдық, жылдық қортынды бағалар негізделген болуы тиіс, яғни оқушының есепті мерзім ішіндегі үлгерімен сәйкес келуі тиіс.

-          «А/ж» белгісі (аттестатталған жоқ) тек оқушы сабақтың 50 % - ы мөлшерінен астамына қатыспаған жағдайда ғана қойылады.

-          Әр тоқсанға, жартыжылдыққа берілетін қорытынды баға соңғы сабақ датасынан кейінгі тор көзге қойылады. Қортынды бағаны өзге түспен немесе сызық түсіру және т.б. арқылы бөлектеуге болмайды.