Меню KDT
МЕНЮ

Астана қаласы №34 орта мектебінің сайтына қош келдіңіздер!

Заголовок



ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті ата-аналар!
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “№34 орта мектеп” КММ 2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтетінін хабарлаймыз.
Бірінші сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.
Бірінші сыныпқа қабылдау «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы немесе «Балаларды Нұр-Сұлтан жалпы білім беретін мекемелеріне қабылдау және ауыстыру (e-orda.kz)»  электронды сайты арқылы және мектепте қағаз түрінде жүзеге асырылады.
Аталған білім ордасының мөлтек ауданына жатпайтын мекен-жай бойынша түскен өтініштер бойынша қабылдау 3+1 қағидатына сәйкес қабылданады.
Қажетті құжаттар тізбесі:
• Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
• Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)
• Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
• Егу паспорты (063/у нысаны)
• Баланың суреті (3*4 өлшемді)
Балаларды мектепке қабылдау ережелері туралы барлық сұрақтар бойынша +7 (7172) 50-15-93 байланыс номеріне хабарласуға болады.